Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингісінде 62-орында) Франция ашық чемпионатының 1/8 финалында сенсациялық жеңіске жеткеннен кейін алғашқы пікірін білдірді.
Ол әлемнің 5-ракеткасы, британиялық Джек Дрейперді төрт сетте тізе бүктірді.
"Білесіз бе, өмірде кейде бір-ақ мүмкіндік беріледі... Сол сәт келгенін жүрегіммен сездім. Бұл менің сәтім екенін ұқтым және ол мүмкіндікті жіберуге құқым жоқ еді. Қазір осында, осы алаңда тұрғаным — өмірімдегі ең керемет сәт. Шын айтамын", — деді Александр Бублик көз жасына ерік беріп, матчтан кейінгі сұхбатында.
Бұл жеңіс арқылы Александр Бублик Қазақстан теннис тарихына алтын әріппен жазылды. Ол — «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына шыққан тұңғыш қазақстандық ер теннисші. Бұған дейін бұл кезеңге еліміздің бірде-бір өкілі жете алмаған еді.