Реклама
Реклама

Сүйінші! Уимблдонның негізгі кезеңінде тұңғыш рет қазақ ойнайды

Сарапшы, спорт журналисі
26.06.2025, 19:35

Қазақстандық теннис үміті Бейбіт Жұқаев тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне шықты.

sportarena.kz

Қиыннан қиыстырып шыққан жеңіс

Англияда өтіп жатқан атақты Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінде 251-ші ракетка иесі Бейбіт Жұқаев финалда Франция өкілі, әлемдік рейтингте 239-шы орында тұрған Лука Павловичпен кортқа шықты.

Екі ойыншы арасындағы бәсеке бес сетке дейін созылды. Алғашқы сетте жеңіліс тапқан Жұқаев намысты қолдан бермей, келесі үш сетте қарсыласынан айласын асырды – 3:6, 6:3, 6:2, 7:6.

Қазақстандық теннистегі жалғыз үміт

Осылайша Бейбіт Жұқаев Уимблдонның іріктеу кезеңінен сәтті өткен жалғыз қазақстандық теннисші атанды. Бұл оның кәсіби мансабындағы маңызды белес саналады.

ФОТО: instagram/@sportilinet

Еске салайық, Уимблдондағы іріктеуде өз бағын сынаған Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко алғашқы кезеңдерде жарыстан шығып қалған. 

Реклама
Реклама