Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық теннисші кезекті камбэк жасап финалға шықты

Сарапшы, спорт журналисі
27.06.2025, 17:43

Анна Данилина чехиялық серіктесі Мари Боузкова екеуі Истборндағы WTA 500 санатындағы турнирдің финалына шықты. 

informburo.kz
Реклама
Реклама

Истборн жартылай финалындағы тарихи жеңіс

Олар жартылай финалда жергілікті Хэрриет Дарт / Майя Люмсден жұбын 2:6, 7:5, 11:9 есебімен тізе бүктірді. Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

"Көп бөлігі біз үшін тығырықта өткен матчта шешуші сәттерде сабыр сақтай білдік", – дейді Анна матчтан кейін.

Қатарынан төртінші финал

Бұл Анна Данилинаның қатарынан төртінші финалы. Бұған дейін "Ролан Гаррос" турнирінде сербиялық Александра Круничпен финалға жетіп, Сара Эррани / Жасмин Паолини жұбына жол берген. 

Одан соң Лондон турнирінде ресейлік Диана Шнайдермен бірге финалда Эйжа Мухаммад / Деми Схюрс дуэтінен ұтылған. 

Ал өткен аптада Ноттингем финалында жапондық Ена Шибахарамен бірге Беатрис Хаддад Майя / Лаура Зигемунд жұбына есе жіберген. 

Истборн финалында кіммен ойнайды?

Данилина мен Боузкова Истборн турнирінің шешуші кездесуінде Жулиана Олмос / Рената Сарасуа (Мексика) және Майя Джойнт (Австралия) / Се Шувэй (Тайбэй) жұптарының жеңімпазымен кортқа шығады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары