Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP250 санатындағы Швейцария турнирінің жартылай финалына шықты.
ATP рейтингінде 34-орында тұрған Александр Бублик ширек финалда аргентиналық Франсиско Комесануды (ATP №74) екі сетте – 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Бұл матчта Бублик өзінің мықты ойын соққысын, агрессивті ойын мәнерін көрсетіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.
Жоғары рейтингі бар Бублик турнирді бірден екінші айналымнан бастады. Ал алғашқы матчында ол тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченконы жеңген болатын.
Жартылай финалдағы қарсыласы – швейцариялық Жером Ким (ATP №154) мен француз Артур Казо (ATP №116) арасындағы кездесудің жеңімпазы.
Александр Бублик үшін бұл – маусымның маңызды сәттерінің бірі. Егер ол финалға өтсе, ATP250 деңгейіндегі кезекті титул үшін күресуге мүмкіндік алады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бублик 2023 жылы Халлде өткен ATP500 турнирінде жеңіске жеткен болатын.