Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Александр Бублик "Үлкен дулыға" жеңімпазын "тас-талқан" етті

Сарапшы, спорт журналисі
03.10.2025, 18:21

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон финалисі Ник Кирьосты мысалға алып, үлкен спортта нәтиже мен шоу арасындағы айырмашылық туралы пікірін білдірді. 

ru.sputnik.kz
Реклама
Реклама

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон финалисі Ник Кирьосты мысалға алып, үлкен спортта нәтиже мен шоу арасындағы айырмашылық туралы пікірін білдірді. 

«Мысалы, Кирьос бар. Мансабының бір кезеңінде өте жақсы ойнады. Кейін төрешілермен айқайласып, жұртқа артыңды көрсетіп, түрлі күмәнді платформаларды жарнамалауға кірісті. Нәтижесінде спортшы емес, жай ғана шоу-бизнес жұлдызы болып кетті. Қазір біз оны спортшы ретінде емес, персонаж ретінде ғана қабылдаймыз», — деді қазақстандық теннисші.

Қазіргі уақытта Бублик Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан «Мастерс» турнирінде бақ сынап жатыр. 1/32 финалда ол польшалық Валантен Вашромен кортқа шықты.

Айта кетейік, Кирьос өзінің карьерасында «Үлкен дулыға» турнирін тек бір рет ұтып, 2022 жылы Австралия ашық біріншілігінде жұптық сында Танаси Коккинакиспен бірге чемпион атанған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары