Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Эр-Риядта жүрген Елена Рыбакина мақсатымен бөлісті

Сарапшы, спорт журналисі
02.11.2025, 10:06

Қазақстанның бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Эр-Риядта өтіп жатқан WTA 2025 финалдық турниріндегі алғашқы жеңісінен кейін өзінің басты мақсатын айтты. Ол бұл турнирді «маусым алдындағы маңызды тест» деп атады.

matchtv.ru
Реклама
Реклама

Әйгілі қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA финалдық турнирін тамаша бастады. Старттық кездесуде ол америкалық Аманда Анисимованы сенімді жеңді — 6:3, 6:1.

Бұл жеңіс Еленаның сенімін арттырғанымен, ол әлі де сабырлы қалыпта екенін айтты.

«Әр матчта жеңіске ұмтыламын, бірақ қарсыластардың бәрі мықты. Бүгінгі ойындағы нәтижені жалғастыруға тырысамын. Бастысы — өз ойынымды дамыту», — деді Рыбакина Tennis Channel арнасына берген сұхбатында.

Баспасөз-мәслихатында журналистер Еленадан алғашқы жеңістен кейінгі мақсаты жайлы да сұрады.

«Иә, бұл турнир мен үшін маңызды сынақ. Маусым алдындағы дайындыққа дейін өз ойыныңды бағалауға, әлсіз тұстарды көруге мүмкіндік береді. Былтыр маусым алдында екі ай ойнамаған едім, сондықтан бұл турнир маған дайындық тұрғысынан да ерекше. Қазір өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін», — деді ол.

Осылайша, Рыбакина Эр-Риядтағы турнирді тек нәтиже үшін емес, жаңа маусым алдындағы тактикалық сынақ және өзін жетілдіру алаңы ретінде қабылдап отыр. 2025 жылы Елена Рыбакина әлемдік рейтингтің алтыншы сатысында тұр. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары