Қазақстандық спортшының қалтасына бір миллион АҚШ долларынан аса қаржы түсті.
WTA 2025 маусымының қорытынды турнирінде Елена Рыбакина 1 050 000 доллар табыс тапты. Екі жеңіс үшін ол 355 000 доллардан және турнирге қатысқаны үшін 340 000 доллар алған.
Топтық кезеңдегі әр жеңіс 200 рейтингтік ұпай әкеледі. Осылайша, Рыбакина қазірдің өзінде 400 ұпай (2×200) жинады.
Егер ол топтағы үшінші матчта да жеңіске жетсе, тағы 355 000 доллар сыйақ алып, жартылай финалға дейінгі табысын 1 405 000 долларға дейін арттырады.
Қазақстандық теннис жұлдызы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA-2025 маусымның қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекті сенсациялық түрде жеңді. Кездесу үш сетке созылып, 3:6, 6:1, 6:0 есебімен Рыбакина пайдасына аяқталды. Матчтың ұзақтығы 1 сағат 39 минутты құрады.