Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Алькарас неліктен бапкерімен келісімшартты бұзды?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 21:57

Әлемнің бірінші ракеткасы, алты дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы Карлос Алькарас бапкері Хуан-Карлос Ферреромен ынтымақтастықты тоқтататынын жариялап, теннис қауымын елең еткізген еді. Бір аптаға жетпей бұрын болған бұл жаңалыққа енді Феррероның өзі түсініктеме беріп, келісімнің не үшін үзілгенін ашып айтты.

livesport.ru
Реклама
Реклама

Ферреро: «Бәрі қалыпты жалғасатындай көрінген»

Marca-ға сілтеме жасаған материалдарда Ферреро тараптардың бастапқы жоспары – жұмысты жалғастыру болғанын жеткізеді. Алайда жаңа келісімшартты талқылау кезінде кейбір мәселелер бойынша ортақ шешім табылмаған.

Бапкердің сөзінше, тараптардың ұстанымы екі түрлі болған:

  • Алькарас жақыны «спортшыға не тиімді?» дегенді ойлаған;
  • Ферреро «өзіме қандай шарт дұрыс?» деген позицияда тұрған.

Нәтижесінде, нақты тармақтар бойынша келісім болмаған соң, екі жақ жанжалсыз-ақ бөлек кетуге шешім қабылдаған. 

Ақша мәселесі бар ма? Ферреро нақтылап өтті

Соңғы күндері бірқатар БАҚ-та «қаржылық талап», «жалақы», «келісімшарттағы өзгерістер» туралы түрлі болжамдар тарады. Осыған байланысты Ферреро ақша бірінші орында болмағанын айтып, Алькарас командасының өзіне әрдайым кеңпейіл қарым-қатынас танытқанын алға тартты.

Ал Sports Illustrated келтірген деректе келісімшарт келіссөздері кезінде Феррероға ұсынылған құжатта қабылдауға қиын көрінген тармақтар болғаны, сондай-ақ ұсынысты 48 сағат ішінде қабылдау/қабылдамау шарты да талқыланғаны жазылған. 

Алькарастың әкесі туралы әңгіме: бұл — расталмаған ақпарат

Кейбір платформаларда бұл шешімге Алькарастың әкесінің ықпалы болуы мүмкін деген ақпарат та айтылды. Мұндай мәліметтер ресми түрде расталған жоқ, сондықтан әзірге оны тек медиа болжамы ретінде ғана қабылдаған жөн. 

Осы оқиғалардың фонында Карлос Алькарас 2025 жылғы Stefan Edberg Sportsmanship Award (әділ ойын мен спорттық мінез-құлық сыйлығы) иегері атанды. Бұл – оның аталған марапатты екінші рет жеңуі. ATP Tour мәліметінше, Алькарас 2025 маусымын жыл соңындағы №1 ретінде аяқтап, жыл ішінде сегіз титул ұтып алған. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары