Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстанның үздік теннисшісі әйелдер теннисі туралы өткір пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:59

Бублик бос уақытында қандай матчтарды тамашалайтынын да атап өтті.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик әйелдер теннисі туралы көзқарасын ашық айтты. Сұхбат барысында Бублик бос уақытында қандай матчтарды тамашалайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, ол «Үлкен дулыға» турнирлерінің финалдары, сапалы ерлер матчтары және  достары мен әріптестерінің ойындарын көреді. Атап айтқанда, Александр Карен Хачановтың, Бен Шелтонның сондай-ақ Даниил Медведев пен Фрэнсис Тиафудың өнерін тамашалағанды ұнатады.  

Әйелдер теннисіне көзқарасы

Ал әйелдер теннисі туралы сұраққа Бублик қысқа әрі қатаң жауап берді.

«Қарамаймын. Ол жақта мен үшін көретін ештеңе жоқ. Мен бұл спорт түрін түсінбеймін, маған қызық емес», — деді қазақстандық теннисші.

Айта кетейік, Қазақстанның қазіргі ең мықты теннисшісі саналатын Александр Бублик 2025 жылы шамамен 3 миллион АҚШ доллары (шамамен 1,5 млрд теңге) табыс тапқан.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары