Отандасымыз ширек финалда қытайлық спортшыны айқын басымдықпен жеңді.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өтіп жатқан ATP турнирінде сенімді ойын көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.
9 қаңтарда турнирдің ширек финалы аясында Бублик қытайлық теннисші Шан Цзюньчэнмен кездесті. Алғашқы сетте қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, қарсыласын 6:1 есебімен жеңді.
Екінші партияда тартыс күшейді — сет тай-брейкке ұласты. Шешуші сәтте Бублик сенімді ойнап, 7:2 есебімен басым түсті. Осылайша, Александр Бублик матчты 2:0 есебімен жеңіп шықты. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Қорытынды есеп — 0:2 (1:6, 6:7 (2:7))
Айта кетейік, бұған дейінгі айналымда Бублик Нидерланд өкілі Ботик ван де Зандшульпты жеңіп, ширек финалға өткен.
Оқи отырыңыздар: