ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Михаил Кукушкин Челленджер турнирінің ширек финалына шықты

Челленджер Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатыр.

Михаил Кукушкин Челленджер турнирінің ширек финалына шықты
Михаил Кукушкин

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 298-орында тұрған Михаил Кукушкин Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жарыстың алғашқы айналымында Кукушкин арнайы шақыртумен қатысқан, рейтингте 441-сатыдағы 19 жастағы франциялық Малиж Маэні сенімді түрде жеңді — 6:3, 6:0.

Екінші кезеңде қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте 368-орындағы германиялық Кристоф Негритумен кездесті. Бұл ойында да Михаил айқын басымдық көрсетіп, матчты 6:2, 6:1 есебімен аяқтады.

1 сағат 22 минутқа созылған кездесуде Кукушкин 4 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Ал Негриту небәрі 3 эйс орындады.

Жартылай финал жолдамасы үшін Михаил Кукушкин америкалық Кэннон Кингсли мен ұлыбританиялық Элистор Грей арасындағы матчтың жеңімпазымен күш сынасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.