Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстанның үздігі жаңа маусымды жеңіспен бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Осы күндері Қытайдың Гонконг қаласында ATP-250 турнирі өтіп жатыр. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2026 жылғы теннис маусымын сәтті бастады. Алғашқы ойынында жеңіске жетті. 

Бублик Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы хард турнирінің 1/8 финалында Нидерланд өкілі Ботик ван де Зандшульппен (ATP рейтингінде 75-орын) кездесті. Ол 1 сағат 11 минутқа созылып, қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп — 6:3, 6:3.

Айта кетейік, бұған дейін теннисшілер өзара үш рет кездескен. Сол ойындардың екеуінде ван де Зандсхюлп жеңіске жетсе, Бублик тек бір рет, өткен жылдың шілдесінде, қарсыласынан басым түскен еді. Осылайша, Гонконгтағы матч Александр Бублик үшін сәтті реванш болды.

Келесі қарсылас

Турнирдің ширек финалында Бублик Қытай теннисшісі Цзюньчэн Шанмен кездеседі. Қазір Шан ATP рейтингінде 406-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір