ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Елена Рыбакинаның матчы сенсациямен аяқталды

Елена Рыбакинаның беделді турнирдің жартылай финалына шығу жолындағы матчы күтпеген сенсациямен аяқталды.

Елена Рыбакинаның матчы сенсациямен аяқталды
Елена Рыбакина. Фото: WTA

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында өнер көрсетті.

Күтпеген сенсация

Қазақстандық спортшының қарсыласы Чехия өкілі Каролина Мухова (WTA рейтингінде 20-орын) болды. Матчтың қорытындысы бойынша Рыбакина үш сетте сенсациялық түрде жеңіліс тапты — 2:6, 6:2, 4:6. Кездесу басталар алдында Елена айқын фаворит саналған еді. Ойын 2 сағат 4 минутқа созылды.

Осылайша, Каролина Мухова турнирдің жартылай финалына жолдама алып, ол жерде Беларусь теннисшісі Арина Соболенко (WTA рейтингінде 1-орын) мен АҚШ өкілі Мэдисон Киз (7-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін турнир барысында Елена Рыбакина қытайлық Чжан Шуайды (79-орын) — 6:3, 7:5 есебімен жеңіп, кейін испаниялық теннисші Паула Бадосаны (25-орын) — 6:3, 6:2 нәтижесімен сенімді түрде ұтқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?