Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Титул бола ма? Александр Бублик Гонконгтағы турнирде жарқын жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі

Отандасымыз ширек финалда қытайлық спортшыны айқын басымдықпен жеңді. 

Титул бола ма? Александр Бублик Гонконгтағы турнирде жарқын жеңіске жетті
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өтіп жатқан ATP турнирінде сенімді ойын көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.

9 қаңтарда турнирдің ширек финалы аясында Бублик қытайлық теннисші Шан Цзюньчэнмен кездесті. Алғашқы сетте қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, қарсыласын 6:1 есебімен жеңді.

Екінші партияда тартыс күшейді — сет тай-брейкке ұласты. Шешуші сәтте Бублик сенімді ойнап, 7:2 есебімен басым түсті. Осылайша, Александр Бублик матчты 2:0 есебімен жеңіп шықты. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Қорытынды есеп — 0:2 (1:6, 6:7 (2:7))

Алдыңғы кезең

Айта кетейік, бұған дейінгі айналымда Бублик Нидерланд өкілі Ботик ван де Зандшульпты жеңіп, ширек финалға өткен. 

Оқи отырыңыздар: 

Елена Рыбакинаның матчы сенсациямен аяқталды

Михаил Кукушкин Челленджер турнирінің ширек финалына шықты

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір