Александр Бублик камбэк жасап, финалға шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Гонконгта өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды.
Үш сетке созылған жартылай финал
Бублик Гонконгтағы турнирдің жартылай финалында АҚШ өкілі Маркос Гиронмен (ATP рейтингінде 64-орын) кортқа шықты. Кездесу 1 сағат 42 минутқа созылып, қазақстандық теннисші үш сетте жеңіске жетті: 3:6, 6:4, 6:2.
Алғашқы сетте ұтылып қалған Бублик екінші партиядан бастап ойынды өз пайдасына бұрып, шешуші сетте қарсыласына мүмкіндік бермеді.
Келесі қарсыласы — әлемнің 7-ракеткасы
Александр Бублик турнирдің шешуші матчында итальяндық Лоренцо Музеттимен кездеседі. Музетти қазір ATP әлемдік рейтингінде 7-орында тұр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet