ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Қазақстандық теннисшінің финалдағы ойыны екі сетте аяқталды

Тимофей Скатов (ATP рейтингінде 235-орын) Үндістанның Бангалор қаласында өткен турнирдің финалында Испания өкілі Педро Мартинеспен (ATP 96-орын) кездесті. 

Қазақстандық теннисшінің финалдағы ойыны екі сетте аяқталды
x.com

Шешуші матч екі сетте аяқталды. Испаниялық теннисші Скатовты 7:6, 6:3 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Ойыншылар кортта 2 сағат уақыт өткізді.

Айта кетейік, Педро Мартинес жарыстың басты фавориті саналып, турнирде 1-нөмірлі болып тіркелген еді.

Тимофей Скатов Бангалордағы финалға дейін бірнеше қарсыласын сенімді түрде ұтып, жақсы серия көрсетті. Қазақстандық теннисші:

  • Австриялық Нейл Оберлейтнерді (427-орын) — 6:3, 6:3
  • Малайзиялық Мицуки Вэй Канг Леонгты (774-орын) — 6:3, 7:5
  • Чехиялық Йонас Форейтекті (441-орын) — 6:4, 6:4
  • Франциялық Арольд Майоны (167-орын) — 6:4, 6:3

жеңіп, финалға шыққан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.