Реклама
Реклама

Australian Open: Елена Рыбакинаның алғашқы матчы екі сетпен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:28

Қазақстандық теннисшілер 2026 жылдың алғашқы ірі турнирінде өз жолын бастады. Кезек қыздар арасындағы еліміздің үздік теннисшісі Елена Рыбакинаға келіп жетті.

Елена Рыбакина. Фото: АО

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) Аустралия ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жекелей сындағы жарысын бастады.

Бірінші айналымда қазақстандық спортшыға Словения өкілі Кайя Юван (100-орын) қарсылас болды. Рыбакина екі сетте жеңіске жетті — 6:4, 6:3. Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.

Осылайша, Елена Рыбакина турнирдің екінші айналымына шықты. Енді ол Франция атынан өнер көрсететін Варвара Грачеваға (77-орын) қарсы ойнайды.

Еске салайық, Australian Open-2026 31 қаңтарға дейін жалғасады. Турнир жеңімпазы 2 793 365 АҚШ долларын және рейтингке 2000 ұпай алады.

Реклама
Реклама