Қазақстанның үздіктері Australian Open-де сәтсіздікке ұшырады
Отандастарымыз бразилиялық Марсело Демолинер мен нидерландтық Жан-Жюльен Ройерге жол берді.
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко Australian Open–2026 турнирінің жұптық сынында жарысты ерте аяқтады.
1/32 финал кезеңінде қазақстандық дуэт бразилиялық Марсело Демолинер мен нидерландтық Жан-Жюльен Ройерге қарсы кортқа шықты. Кездесу екі сетте аяқталып, қарсыластардың жеңісімен түйінделді. Қорытынды есеп — 6:3, 6:2.
Статистика
Матч барысында Бублик пен Шевченко:
- 2 эйс орындады;
- 2 қос қателік жіберді;
- 2 брейк-пойнттың біреуін де пайдалана алмады.
Ал Демолинер мен Ройер:
- 4 эйс жасады;
- 4 қос қателікке жол берді;
- 4 брейк-пойнттың 3-еуін сәтті жүзеге асырды (75%).
Айта кетейік, Александр Бублик пен Александр Шевченко Қазақстанның жекелей сындағы бірінші және екінші ракеткалары болып саналады. Бублик қазіргі таңда ATP рейтингінде 10-орында, ал Шевченко 97-сатыда тұр. Алайда екеуі де жұптық әлемдік рейтингке енбеген.
Оқи отырыңыздар:
Қазақстандық файтер Нурмагомедовты жақтап шықты
"Брюгге" Астанаға 50 млн еуро кадрлық шығынмен келді
Еурокубоктарда көмектесе алмай ма? Дастан Сәтпаевтың оралатын мерзімі нақтыланды