Реклама
Реклама

Australian Open-2026: Путинцева азулы қарсыласын тас-талқан етті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:07

Осылайша, отандасымыз турнирдің үшінші айналымына шықты. Енді Путинцева түркиялық теннисшімен шеберлік байқасады. 

Sports24.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open–2026 турниріндегі өнерін сәтті жалғастырып, үшінші айналымға жолдама алды. 

Екінші айналымда әлемдік рейтингте 94-орында тұрған Путинцева Францияның екінші ракеткасы, Эльза Жакмоны (WTA №60) айқын басымдықпен жеңді. Кездесу екі сетке ғана созылды. Қорытынды есеп 6:1, 6:2 болды.

Ойын 1 сағат 14 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші:

  • 1 қос қателік жіберді;
  • 6 брейк-пойнттың 5-еуін сәтті пайдаланды.

Ал Жакмоның еншісінде:

  • 1 эйс;
  • 2 қос қателік;
  • 7 мүмкіндіктің бір ғана брейк-пойнты бар.

Келесі қарсылас Түркия теннисшісі

1/8 финалға шығу үшін Юлия Путинцева Түркия өкілі Зейнеп Сонмезбен (WTA №112) кортқа шығады. Сонмез екінші айналымда венгриялық Анна Бондарьды 6:2, 6:4 есебімен жеңген.

Реклама
Реклама