Реклама
Реклама

Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирде сенсация жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:25

Ол "Челенджер" додасында әлемнің 187 ракеткасын үш сеттің нәтижесінде жеңе алды.

Денис Евсеев. Фото: АТР

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (ATP рейтингінде 367-орын) Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан "Челленджер" турнирінде күтпеген сенсация жасады.

Бірінші айналымда Евсеев Швейцария өкілі Жером Киммен (187-орын) кездесіп, үш сетке созылған тартысты ойында басым түсті — 6:4, 6:7, 6:2. Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдің 1/8 финалына жолдама алып, келесі кезеңде Венгрия теннисшісі Жомбор Пирошпен (170-орын) кортқа шығады.

Айта кетейік, Денис Евсеев бұл турнирдегі өнерін іріктеу кезеңінен бастаған. Онда ол Иордания спортшысы Абедалла Шелбайхоны (299-орын) еш қиындықсыз жеңіп, 6:2, 6:0 есебімен матчты өз пайдасына аяқтады. Бұдан кейін қазақстандық теннисші британдық Лиам Бродимен (294-орын) ойнауы тиіс болған, алайда қарсыласы матч басталар алдында жарыстан бас тартты. Нәтижесінде Евсеев негізгі кезеңге өтіп, алғашқы ойында-ақ мықты қарсыласын ұтып, жақсы формада екенін дәлелдеді.

Реклама
Реклама