2026 жылдың алғашқы ірі турнирі Австралияда жалғасуда. Ашық кубок 31 қаңтар өз мәресіне жетеді.
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP рейтингінде 97-орын) Аустралия ашық чемпионатындағы (Australian Open) жорығын тоқтатты.
Екінші айналымда Шевченко америкалық Лернер Тиенге (29-орын) төрт сетте есе жіберді — 2:6, 7:5, 1:6, 0:6. Кездесу 2 сағат 4 минутқа созылды.
Осылайша, Александр Шевченко турнирмен қош айтысты, ал Лернер Тиен үшінші айналымда австралиялық Джордан Томпсон (111-орын) мен португалиялық Нуну Боржеш (46-орын) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан атынан әзірге Александр Бублик (10-орын) өнер көрсетіп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирде сенсация жасады;
Australian Open-2026: Путинцева азулы қарсыласын тас-талқан етті;