Осылайша, отандасымыз турнирдің үшінші айналымына шықты. Енді Путинцева түркиялық теннисшімен шеберлік байқасады.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open–2026 турниріндегі өнерін сәтті жалғастырып, үшінші айналымға жолдама алды.
Екінші айналымда әлемдік рейтингте 94-орында тұрған Путинцева Францияның екінші ракеткасы, Эльза Жакмоны (WTA №60) айқын басымдықпен жеңді. Кездесу екі сетке ғана созылды. Қорытынды есеп 6:1, 6:2 болды.
Ойын 1 сағат 14 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші:
Ал Жакмоның еншісінде:
1/8 финалға шығу үшін Юлия Путинцева Түркия өкілі Зейнеп Сонмезбен (WTA №112) кортқа шығады. Сонмез екінші айналымда венгриялық Анна Бондарьды 6:2, 6:4 есебімен жеңген.