Реклама
Реклама

Александр Бублик Австралияда алғаш рет үшінші айналымға шықты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:58

Теннистен 2026 жылдың алғашқы ірі турнирі Австралияда жалғасып жатыр. Елдің бірінші ракеткасы үшінші айналымға жолдама ала алды.

Александр Бублик. Фото: АТР

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик (ATP рейтингінде 10-орын) Аустралия ашық чемпионатындағы ерлер арасындағы жекелей сындағы негізгі тордағы екінші матчын өткізді.

1/32 финал кезеңінде Бубликтің қарсыласы Венгрия өкілі Мартон Фучович (54-орын) болды. Ойын қорытындысында қазақстандық үш партияда жеңіске жетті — 7:5, 6:4, 7:5. Кездесу 2 сағат 14 минутқа созылды.

Осылайша, Александр жарыстың үшінші айналымына шықты. Ол келесі ойында аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен (62-орын) кездеседі.

Еске сала кетейік, Australian Open-2026 турнирінің алғашқы кезеңінде Александр Бублик америкалық Дженсон Бруксбиді (48-орын) үш сетте жеңген еді — 6:4, 6:4, 6:4.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама