18 жастағы теннисші Әмір Омарханов Испанияның Манакор қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирде жеңімпаз атанды.
Жұптық разрядтың финалында Әмір Омарханов америкалық Гэвин Янгпен бірге өнер көрсетіп, Тай Хост (Австралия) / Егор Плешивцев (Ресей) дуэтін тізе бүктірді. Есеп: 5:7, 6:3, 10:8
Осылайша Омарханов пен Янг Манакордағы жарыстың жұптық титулын иеленді.
Айта кетейік, Әмір Омарханов пен Гэвин Янг бұл турнирде үшінші нөмірмен себілген. Яғни, ұйымдастырушылар мен мамандар оларды негізгі фавориттердің бірі ретінде қарастырған.
Финалға дейін қазақстандық-америкалық жұп бірнеше қарсыласын сенімді түрде ұтты: