Отандасымыз әлемнің 6-ракеткасы Алекс Де Минаурмен шеберлік байқасқан болатын.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Australian Open-2026 турнирінің 1/8 финалынан ары аса алмады. Ол австралиялық теннисші Алекс Де Минаурға ірі есеппен жол берді.
ATP рейтингінде 10-орында тұрған Бублик әлемнің 6-ракеткасы Алекс Де Минаурмен кездесіп, үш сетке созылған матчта 4:6, 1:6, 1:6 есебімен жеңілді. Кездесу бар болғаны 1 сағат 33 минутқа созылды.
Жекпе-жектен кейін Александр Бублик әлеуметтік желіде қысқа пікір қалдырды.
"Бүгін қатты шаршадым", — деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
Айта кетейік, Александр Бублик бұл матчқа дейін бірқатар мықты қарсыластарын жеңіп, сенімді өнер көрсеткен болатын. Ол:
Осылайша, Бублик Australian Open турнирінде алғаш рет жекелей сында 1/8 финалға дейін жетіп, мансабындағы ең үздік нәтижесін тіркеді.
Оқи отырыңыздар:
"Реал" мен "Баварияның" экс-жұлдыздары "Ақтөбеге" келуі мүмкін