"Арсенал" мен "Қайрат" арасындағы кездесу 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні Лондонда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.
Алматылық "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчын өткізу үшін Лондонға (Англия) жол тартты. Қазақстандық команда жергілікті "Арсеналға" қарсы ойнайды.
Команданың әуежайдан шыққан сәті түсірілген бейнежазба "Қайраттың" ресми әлеуметтік желілерінде жарияланды. Instagram парақшасында видеоға "Алматы — Лондон" деген қысқа жазба қалдырылған.
"Арсенал" мен "Қайрат" арасындағы кездесу 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні Лондонда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.
Бұл матчқа алаң иелері Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі абсолютті көшбасшы ретінде келіп отыр. Лондондық клуб жеті ойында 21 ұпай жинаған.
Ал "Қайрат" турнир кестесінің соңғы, 36-орнында тұр. Алматылық ұжым жеті матчта небәрі бір ұпай ғана еншілеген.
Оқи отырыңыздар:
37 жастағы Джастин Гейджи UFC уақытша чемпионы атанды
Бразилиялық чемпион "Қайрат" құрамын толтырды
Қысқы Олимпиадаға Қазақстанның қай өңірлерінен спортшылар барады?