Қысқы Олимпиадаға Қазақстанның қай өңірлерінен спортшылар барады?

Сарапшы, спорт журналисі

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындары жақында басталады. Төртжылдықтың басты додасында әлемнің 93 елінен 3500-ден аса спортшы бақ сынайды.

Қысқы Олимпиадаға Қазақстанның қай өңірлерінен спортшылар барады?
instagram/@olympic.kz

Қазақстан құрамасы: сан мен салыстыру

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан қысқы Олимпиадаға тәуелсіз ел ретінде 9-рет қатысады.

Италиядағы ойындарда ұлттық құрама сапында 36 спортшы өнер көрсетеді: 18 ер және 18 әйел.

Бейжің-2022 Олимпиадасына Қазақстан атынан 34 спортшы барған еді.

Көш басында Алматы және Ақмола

Алдын ала жарияланған өңірлік тізімге сүйенсек, қысқы спорт түрлері дәстүрлі түрде солтүстік және шығыс аймақтарда жақсы дамыған. Дегенмен биыл Олимпиадаға қар аз түсетін оңтүстік өңірлерден де спортшылар енді.

Өңірлер бойынша қатысушылар саны: 

  • Алматы қаласы — 7 спортшы, 5 спорт түрі
  • Ақмола облысы — 6 спортшы, 2 дисциплина
  • Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) — 4 спортшы, 1 спорт түрі
  • Астана — 4 спортшы, 3 дисциплина
  • Шымкент — 4 спортшы, 1 спорт түрі
  • Павлодар облысы — 3 спортшы, 3 спорт түрі
  • Алматы облысы — 3 спортшы, 1 спорт түрі
  • Қостанай облысы — 2 спортшы, 1 спорт түрі
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 1 спортшы
  • Қарағанды облысы — 1 спортшы
  • Абай облысы — 1 спортшы

XXV қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір