"Қайрат" Чемпиондар лигасының жеңімпазын таныстырды

Сарапшы, спорт журналисі

"Қайрат" футзал клубы құрамын күшейтті. 

"Қайрат" Чемпиондар лигасының жеңімпазын таныстырды
Instagram/@neves_17

Уго Невеш "Қайратқа" қалай келді?

Алматылықтар 30 жастағы португалиялық шабуылшы Уго Невешті қатарға қосты. 

Клуб таратқан ақпаратқа сәйкес, португалиялық форвард "Брага" клубынан маусым соңына дейін жалға алынды.

"Португалиялық шабуылшы Уго Невеш „Брага“ клубынан маусымның соңына дейін жалға келіп, біздің командаға қосылды. Уго, „Қайратқа“ қош келдің! Клубымызбен бірге жаңа мақсаттарға жетіп, ірі жеңістерге қол жеткізуіңе тілектеспіз", — делінген алматылық клубтың хабарламасында.

Португалия құрамасының ойыншысы

Уго Невеш Португалия құрамасында өнер көрсетеді. Ұлттық команда сапында 29 матч өткізген. Бұл көрсеткіш оның халықаралық деңгейдегі тәжірибесін айқындайды.

Невеш клубтық мансабында бірнеше танымал командада доп тепті. Оның бұрынғы клубтары қатарында:

  • AMSAC
  • "Спортинг"
  • "Элетрико" 
  • "Брага₸

Чемпиондар лигасын ұтқан ойыншы

Ең бастысы — Уго Невеш "Спортинг" сапында Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Бұл — "Қайратқа" келген ойыншының деңгейін көрсететін ең салмақты жетістік.

Уго Невештің негізгі жетістіктері: 

  • Футзалдан Чемпиондар лигасының жеңімпазы ("Спортинг")
  • "Финалиссима" жеңімпазы (Португалия)
  • Португалия чемпионы — 3 мәрте
  • Португалия Суперкубогы — 2 мәрте
  • Португалия кубогы — 1 мәрте
  • Лига кубогы — 2 мәрте
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір