Кашемир, жібек, киіз үй өрнегі: Моңғолия Олимпиада стилін жаңа деңгейге көтерді

Сарапшы, спорт журналисі

Әлеуметтік желіде Моңғолия ұлттық құрамасының жаңа Олимпиада формасы қызу талқыланып, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Қолданушылар киім үлгісінің ұлттық стиль мен заманауи дизайнды үйлестіре алғанын айтып, оны алдағы ойындардың ең есте қаларлық образдарының бірі болуы мүмкін деп бағалады.

Кашемир, жібек, киіз үй өрнегі: Моңғолия Олимпиада стилін жаңа деңгейге көтерді
instagram/@goyolcashmere.mn

Милан–Кортина-2026 үшін арнайы топтама таныстырылды

Моңғолия Олимпиада комитеті ресми түрде салтанатты және күнделікті киім топтамасын жариялады. Бұл киімдерді спортшылар мен делегация мүшелері Қысқы Олимпиада-2026 (Милан–Кортина) кезінде киеді.

Топтама сипаттамасында авторлар басты идея ретінде моңғолдың көне киім мәдениетін бүгінгі әлемге қайта танытуды алға тартады. Жинақ XIII–XV ғасырлардағы Ұлы Моңғол империясы дәуірінің киім үлгілерінен шабыт алғаны айтылады.

Дәстүрлі элементтер сақталған: жағасы биік, алдыңғы бөлігі жабық

Жаңа киім үлгілерінде ұлттық киімге тән бірқатар деталь сақталыпты:

  • Қозғалысқа ыңғайлы тілік (еркін қимылға мүмкіндік беру үшін)
  • Биік жаға (жел мен суықтан қорғаныс)
  • Алдыңғы бөлігі толық жабылатын кеуде қақпасы (жылу мен бірліктің символы ретінде)

Осы ерекшеліктер топтаманың тек сән қуып қоймай, мән-мағынасы бар образ құрағанын көрсетеді.

Материал таңдауы: моңғол кашемирі және жібек әрлеу

Авторлардың мәлімдеуінше, киім тігуде сапалы моңғол кашемирі қолданылып, кей бөліктері жібекпен әрленген. Сонымен қатар ұлттық қолөнерге тән ою-өрнектер тігіліп, топтамаға салтанатты реңк берген.

Күнделікті киілетін комплектілер де жоғары сапалы кашемирден тігілген. Дизайн жағынан ол шаңғы спорты стиліндегі свитерлерге ұқсайды, бірақ моңғол дүниетанымын білдіретін белгілермен толықтырылған:

  • киіз үй мотивтері
  • көшпенді өмір салтына тән өрнектер

Бұл детальдар топтаманы “спорттық” деңгейде ғана қалдырмай, ұлттық кодты айқын көрсететін сәндік шешімге айналдырған.

Instagram-да вирус болды: мыңдаған пікір, жүз мыңнан аса қаралым

Комитет жариялаған видео қысқа уақыт ішінде жүз мыңнан аса қаралым жинап, пікірлер легі көбейген. Көпшілігі киімді “өнер туындысы”, “ерекше талғам”, “ұлт рухының символы” деп сипаттады. Кей қолданушылар Моңғолия спортшыларының Париж-2024 кезінде де киім үлгісімен көзге түскенін еске алып, бұл жолы да әлем назарын аударатынына сенім білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір