Australian Open-2026 турниріндегі өнері үшін Путинцева 480 мың австралиялық доллар (шамамен 165 миллион теңге) көлемінде сыйақы алды.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open-2026 турниріндегі өнерін аяқтағаннан кейін әлеуметтік желіде пікір қалдырды.
Әлемдік WTA рейтингінде 94-орында тұрған Путинцева 25 қаңтар күні турнирдің 1/8 финалында америкалық Ива Йовичке (27-орын) қарсы ойнады. Кездесу барысында қазақстандық теннисші қарсыласына 0:6, 1:6 есебімен ірі есеппен жол беріп, жарыстан шығып қалды.
Жеңілістен кейін Юлия Путинцева Instagram желісінде қысқа жазба жариялады.
"Тек позитивті вибрациялар. Барлығыңызға рақмет. Келесі жылға дейін", — деп жазды ол.
Айта кетейік, 2026 жылы Юлия Путинцева мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымына дейін жетті. Бұл — оның аталған "мэйджордағы" ең үздік нәтижесі.