Реклама
Реклама

17 жастағы қазақстандық Australian Open-нің 1/8 финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:31

Жарыстың екінші айналымында Заңғар Нұрланұлы австралиялық Таики Такизаваны жеңді. Есеп - 7:5, 1:6, 6:3.

olympic.kz

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде жеңісті жолын жалғастырып келеді. Жекелей сынның екінші айналымында отандасымыз алаң иесі, австралиялық Таики Такизавамен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта жеңіске жетті.

Кездесу 7:5, 1:6, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Матч 1 сағат 40 минутқа созылды.

Келесі қарсылас кім?

Ширек финалға жолдама алу үшін Заңғар Нұрланұлы Савва Рыбкин (Ресей) мен Хю Каваниси (Жапония) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сонымен қатар, ертең Australian Open турнирінің екінші айналымында тағы бір қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай кортқа шығады. Оның қарсыласы — Австрия өкілі Тило Бехрманн болады.

Оқи отырыңыздар: 

Юлия Путинцева ірі жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

Шавкат Рахмоновтың титулдық айқасына қатысты мәлімдеме жасалды

"Ақтөбе" Франция құрамасы мен "МЮ" сұрмергенін қатарға қосуды көздейді

Реклама
Реклама