Юлия Путинцева ірі жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Australian Open-2026 турниріндегі өнері үшін Путинцева 480 мың австралиялық доллар (шамамен 165 миллион теңге) көлемінде сыйақы алды.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open-2026 турниріндегі өнерін аяқтағаннан кейін әлеуметтік желіде пікір қалдырды. 

Матч нәтижесі

Әлемдік WTA рейтингінде 94-орында тұрған Путинцева 25 қаңтар күні турнирдің 1/8 финалында америкалық Ива Йовичке (27-орын) қарсы ойнады. Кездесу барысында қазақстандық теннисші қарсыласына 0:6, 1:6 есебімен ірі есеппен жол беріп, жарыстан шығып қалды.

Жеңілістен кейін Юлия Путинцева Instagram желісінде қысқа жазба жариялады.

"Тек позитивті вибрациялар. Барлығыңызға рақмет. Келесі жылға дейін", — деп жазды ол.

Айта кетейік, 2026 жылы Юлия Путинцева мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымына дейін жетті. Бұл — оның аталған "мэйджордағы" ең үздік нәтижесі.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір