ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Александр Бублик Australian Open-де оңбай ұтылды (ВИДЕО)

Отандасымыз әлемнің 6-ракеткасы Алекс Де Минаурмен шеберлік байқасқан болатын. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Australian Open-2026 турнирінің 1/8 финалынан ары аса алмады. Ол австралиялық теннисші Алекс Де Минаурға ірі есеппен жол берді.

ATP рейтингінде 10-орында тұрған Бублик әлемнің 6-ракеткасы Алекс Де Минаурмен кездесіп, үш сетке созылған матчта 4:6, 1:6, 1:6 есебімен жеңілді. Кездесу бар болғаны 1 сағат 33 минутқа созылды. 

Жекпе-жектен кейін Александр Бублик әлеуметтік желіде қысқа пікір қалдырды.

"Бүгін қатты шаршадым", — деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.

Турнирдегі жолы

Айта кетейік, Александр Бублик бұл матчқа дейін бірқатар мықты қарсыластарын жеңіп, сенімді өнер көрсеткен болатын. Ол:

  • америкалық Дженсон Бруксбиді — 6:4, 6:4, 6:4,
  • венгриялық Мартон Фучовичті — 7:5, 6:4, 7:5,
  • аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді — 7:6, 7:6, 6:4 есебімен ұтты.

Осылайша, Бублик Australian Open турнирінде алғаш рет жекелей сында 1/8 финалға дейін жетіп, мансабындағы ең үздік нәтижесін тіркеді.

Оқи отырыңыздар: 

"Реал" мен "Баварияның" экс-жұлдыздары "Ақтөбеге" келуі мүмкін

"Қайрат" "Арсеналмен" ойнау үшін Лондонға аттанды

37 жастағы Джастин Гейджи UFC уақытша чемпионы атанды

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.