Отандасымыз Australian Open турнирін алғашқы айналымда аяқтады.
Қазақстандық теннисші Зарина Диас (WTA рейтингінде 290-орын) не себепті Australian Open турнирін өзіне ерекше қымбат санайтынын айтып берді.
2026 жылғы Австралия ашық чемпионатында Диас алғашқы айналымда әлемнің 26-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосеге жол берді — 2:6, 4:6.
Зарина бұл турнирдің оның мансабындағы орны бөлек екенін әлеуметтік желіде атап өтті:
"Australian Open мен үшін әрдайым ең сүйікті турнир болып қала береді. Дәл осы жерде, 2014 жылы, мен „Үлкен дулыға“ жарыстарындағы алғашқы үлкен серпілісімді жасап, үшінші айналымға алғаш рет шықтым. Содан бері осы деңгейге тағы төрт рет жету бақыты бұйырды. Әлемнің ең мықты теннисшілерімен керемет матчтар өткізіп, өмір бойы сақталатын естеліктер жинадым.
Мельбурнның энергиясы ерекше. Бұл турнир жыл сайын ауқымды, сапалы әрі шабыт сыйлай түседі. Оның бір бөлшегі бола алғаныма шын жүректен ризамын", — деп жазды Диас Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Зарина Диас Australian Open–2026 турниріне жолдаманы былтырдың соңында-ақ қамтамасыз еткен. Ол Қытайда өткен The Australian Open Asia-Pacific аймақтық іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, маусымдағы алғашқы мэйджорға wild card иеленген еді.