Әмір Омарханов (ATP рейтингінде 774-орын) Италия өкілі Маттео Сибашимен бірге Тунистің Монастир қаласында өткен ITF сериясындағы турнирдің жұптық сайысында жеңімпаз атанды.
Шешуші матчта қазақстандық-итальяндық жұп Сезар Бушлагем / Александр Обриот (Франция) дуэтімен кездесті. Омарханов пен Сибаши ойынды сенімді өткізіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:4, 6:3.
Финалға дейін Омарханов пен Сибаши турнирдің үшінші нөмірлі жұп ретінде тіркелген Азиз Оуакa (Тунис) / Туфик Сахтали (Алжир) дуэтіне қарсы ойнады. Номиналды аутсайдер саналғанына қарамастан қазақстандық пен итальяндық сауатты ойын көрсетіп, тағы да матчты екі партияда тәмамдады.
Монастирдегі турнирдің жүлде қоры 15 000 долларға тең.