Реклама
Реклама

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте үздіктер қатарына кірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:01

WTA-ның жұптық сындағы жаңартылған рейтингінде Анна Данилина жеке рекордын жаңартты.

Анна Данилина. Фото: WTA

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жұптық сындағы жаңартылған рейтингі жарияланды.

Бірінші орында бельгиялық Элизе Мертенс қалды. Екінші сатыға бірден сегіз орынға жоғарылаған канадалық спортшы Габриэла Дабровски көтерілді. Үздік үштікті чехиялық Катерина Синякова түйіндеді.

Анна Данилина рейтингте көтерілді

Қазақстандық жұптық ойыншылар арасында көш бастап тұрған Анна Данилина жеке рекордын жаңартып, алтыншы орынға жайғасты — бұған дейін ол жетінші сатыда тұрған еді. Еске сала кетейік, өткен аптада Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Дубайда (БАӘ) өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалында Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефани жұбына есе жіберген болатын.

Қазақстандық тағы бір теннисші Жібек Құламбаева төрт сатыға төмендеп, 140-орынға тұрақтады. Ал Юлия Путинцева бірден 46 позиция жоғалтып, 156-орынға түсті.

Реклама
Реклама