Реклама
Реклама

Елена Рыбакинамен бірге Қазақстан тарихи жетістікке жетті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:00

Отандасымыз әлемнің екінші ракеткасы атанды

Sportbox.ru

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді. Соның арқасында спорттық мансабында тағы бір белесті бағындырды.

Ширек финалдағы жеңіс

Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалында Елена Рыбакина америкалық теннисші Джессика Пегуламен кездесті. Тартысты өткен матчта Елена қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Қорытынды есеп: 6-1, 7-6 (7-4).

Әлемдік рейтингтегі жаңа рекорд

Осы жеңісінің арқасында Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде екінші орынға  көтерілді. Бұл отандасымыздың кәсіби мансабындағы ең жоғары көрсеткіш және Қазақстан теннисі тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. 

Айта кетейік, Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалында Рыбакина украиналық Элина Свитолинамен кездеседі. 

Бұған дейін Елена Рыбакина 10-11 сәуір күндері Астанада өтетін Billie Jean King Cup іріктеу матчында Қазақстан құрамасына көмектесе алмайтынын хабарлаған едік. 

Реклама
Реклама