Юлия Путинцева Мадридтегі турнирдің екінші айналымына өтті

Сарапшы, спорт журналисі
22.04.2026, 21:50

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Испания астанасында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирді жеңіспен бастады.

tennis-infinity.com

Мадридтегі сәтті старт

Әлемдік рейтингте 80-орында тұрған Путинцева WTA рейтингінің 51-сатысындағы чехиялық Тереза Валентовамен кездесті.

Кездесу 2 сағат 53 минутқа жалғасты. Матч қорытындысында қазақстандық теннисші қарсыласын үш сетте жеңді — 6:4, 4:6, 6:3.

Алғашқы партияда Юлия өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Екінші сетте чехиялық теннисші таразы басын теңестірсе, шешуші кезеңде Путинцева қайтадан басымдық танытты. 

Екінші айналымда кіммен ойнайды

Енді Юлия Путинцева турнирдің келесі кезеңінде украиналық Марта Костюкпен кездеседі. Ол WTA рейтингінде 23-орында тұр. Бұл матч қазақстандық теннисші үшін турнирдегі маңызды сынақтардың бірі болмақ.

2026 жылғы Мадрид турнирінің жалпы жүлде қоры 8 235 540 еуроға тең. Ал жекелей сындағы чемпион 1 007 165 еуро мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Реклама
Реклама