Александр Шевченко Challenger турнирінде тартысты жеңіске жетті

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 16:55

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Братиславада ATP Challenger санатындағы турнирде келесі кезеңге жолдама алды.

sportrbc.ru

Үш сетке созылған матчта жеңді

Әлемдік рейтингте 97-орында тұрған қазақстандық теннисші чехиялық Гинек Бартонмен кездесті. Қазір Бартон ATP рейтингінде 249-сатыда орналасқан.

Матч өте тартысты өтіп, 2 сағат 1 минутқа созылды. Бірінші сетте Шевченко қарсыласына есе жібергенімен кейін ойын ырғағын өзгертіп, камбэк жасай алды. Кездесу қорытындысы бойынша 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Ойын барысында қазақстандық теннисші 2 эйс орындады, 2 қос қате жіберді. Өз геймінде 2 рет брейкке жол берді. Қарсыласының добын қабылдауда 3 брейк жасады.

Бұл Александр Шевченко мен Гинек Бартон арасындағы алғашқы ресми кездесу болды. Бұған дейін теннисшілер кортта бір-біріне қарсы ойнамаған.

Турнир туралы

ATP Challenger Bratislava турнирі 2026 жылдың 8-14 маусымы аралығында Словакия астанасында өтіп жатыр. Жарыс TK Slovan клубының топырақ төсенішті корттарында ұйымдастырылған.

Турнирдің жалпы жүлде қоры — 160 680 еуро.

Реклама
Реклама