Александр Шевченко Словакиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Бокс шолушысы
12.06.2026, 17:26

Қазақстанның екінші ракеткасы Братиславада ATP Challenger санатындағы турнирінде сәтті өнер көрсетуін жалғастыруда.

NUR.kz

Ширек финалда чехиялық теннисшіні жеңді

Қазақстандық теннисші ширек финалда чехиялық Максим Мрвамен кездесті. Әлемдік рейтингте 312-орында тұрған қарсыласымен өткен матч тартысты басталғанымен Шевченко шешуші сәттерде сенімді ойнады.

Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Александр Шевченко 4 эйс жасап, 1 қос қате жіберді. Сонымен қатар ол өз сервисінде бір геймді қарсыласына беріп қойса да, матч барысында 4 брейк орындады. Шевченко ширек финалдық кездесуде екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 7:6, 6:4.

Айта кетейік, бұл екі теннисшінің корттағы алғашқы кездесуі болды. Бұған дейін олар ATP турнирлері аясында бір-біріне қарсы ойнамаған.

Финалға шығу үшін кіммен ойнайды?

Енді Александр Шевченко финал жолдамасы үшін өтетін жартылай финалда Петр Брунчик пен Виталий Сачко арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Реклама
Реклама