Елена Рыбакина Лондондағы турнирде қазіргі чемпионды жеңіп, ширек финалға шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA 500 Queen’s Club Championships турнирінің 1/8 финалында германиялық Татьяна Марияны жарыс жолынан шығарды.
Шешуші сетте қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ
Матч үш сетке созылды. Алғашқы партияда Рыбакина тай-брейкте есе жібергенімен кейін ойын тізгінін өз қолына алды. Екінші сетте мінез көрсетіп, есепті теңестірді. Ал шешуші партияда Елена қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, сетте 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Осы жеңістің арқасында Елена Рыбакина **Queen’s Club Championships** турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Турнирдің жүлде қоры қанша?
Биыл Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 915 000 доллар. Жекелей сында чемпион атанған теннисші 294 445 доллар табыс тауып, 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина бұл жарыста бірінші нөмірмен себілген. Сондықтан қазақстандық теннисші турнирдің басты фавориттерінің бірі саналады.