ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Елена Рыбакина Лондондағы жеңілісінен кейін Instagram аккаунтын өшіріп тастады
sportrbc.ru

Елена Рыбакина Лондондағы жеңілісінен кейін Instagram аккаунтын өшіріп тастады

Теннисші әзірге бұл жағдайға пікір білдірген жоқ.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лондондағы WTA-500 турнирінің ширек финалында күтпеген жерден жеңіліп қалды. Кейін Instagram желісіндегі аккаунтын өшіріп тастағаны да белгілі болды.  

Елена Рыбакина Лондондағы жеңілісінен кейін Instagram аккаунтын өшіріп тастады
Скриншот

Рыбакина Кэти Бултерге жол берді

Лондонда өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің ширек финалында Елена Рыбакина британдық теннисші Кэти Бултермен кездесті. Тартысты өткен ойын үш сетке созылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 5:7, 6:2, 4:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Бұл нәтиже көпшілік үшін күтпеген жағдай болды, себебі Рыбакина турнир фавориттерінің бірі саналған еді.

Instagram аккаунты неге өшірілді?

Теннисші өз аккаунтын нақты қандай себеппен өшіргені әзірге белгісіз. Спортшының өзі бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ. 

Жарнама
Жарнама