Александр Бублик Австриядағы турнирде ширек финалға шықты
22.07.2026, 20:52
Қазақстанның бірінші ракеткасы Кицбюэль қаласында ATP 250 санатындағы Generali Open турнирін сәтті бастады.
lobandsmash.com
Аргентиналық қарсыласын екі сетте жеңді
Александр Бубликтің қарсыласы ATP рейтингінің 108-сатысындағы аргентиналық Факундо Диас Акоста болды. Қазақстандық теннисші екі сетте жеңіске жетті – 6:3, 7:5. Матч бір сағат 20 минутқа созылды.
Осылайша Бублик Кицбюэльдегі турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Бубликтің ширек финалдағы қарсыласы словакиялық Алекс Молчан мен германиялық Даниэль Альтмайер арасындағы матчта анықталады. Молчан әлемдік рейтингте 81-орында тұрса, Альтмайер 61-сатыда орналасқан.
Турнир жеңімпазы қанша табыс табады?
Generali Open турнирінің жалпы жүлде қоры – 612 620 еуро.
Жарыс чемпионы 93 175 еуро көлемінде сыйақы алып, ATP рейтингінде 250 ұпай иеленеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама