Александр Бублик қарсыласын бір сағатта тізе бүктіріп, жартылай финалға шықты

Спорт шолушысы
23.07.2026, 21:01

Қазақстанның бірінші ракеткасы Кицбюэль қаласында ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

atptour.com

Бублик Молчанды екі сетте жеңді

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Бублик турнирдің бірінші ракеткасы ретінде сынға түсіп жатыр. Ширек финалда оның қарсыласы ATP рейтингінің 81-сатысындағы Алекс Молчан болды.

Қазақстандық теннисші кездесуді жоғары қарқында өткізіп, қарсыласына айтарлықтай мүмкіндік берген жоқ. Матч 6:3, 6:2 есебімен Бубликтің жеңісімен аяқталды.

Финал жолдамасы үшін кіммен ойнайды?

Александр Бублик жартылай финалда аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі. ATP рейтингінде 31-орында тұрған Этчеверри ширек финалда перулік Игнасио Бусені 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Александр Бублик Кицбюэльдегі турнирдің қазіргі чемпионы саналады. Қазақстандық теннисші биылғы жарыстағы алғашқы кездесуінде аргентиналық Факундо Диас Акостаны 6:3, 7:5 есебімен ұтқан еді.

Енді ол былтырғы жетістігін қайталап, чемпиондық атағын қорғауға екі қадам қалды.

Бублик қанша сыйақы алды?

Generali Open турнирінің жалпы жүлде қоры – 612 620 еуро. Жартылай финалға шыққаны үшін Александр Бублик:

  • 31 955 еуро сыйақы;
  • ATP рейтингінде 100 ұпай алады.

Ал турнир жеңімпазына 93 175 еуро және 250 рейтингтік ұпай беріледі.

Реклама
Реклама