Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирдің чемпионы атанды
09.08.2026, 17:14
Қазақстандық теннисші Оренсе қаласында W75 санатындағы турнирде топ жарды.
Instagram/@sonja.zhiy
Финалда болгариялық теннисшіден басым түсті
WTA рейтингінде 738-орында тұрған Соня Жиенбаева шешуші кездесуде болгариялық Изабелла Шиниковамен (WTA рейтингінде 442-орын) кортқа шықты. Финалдық кездесу 1 сағат 51 минутқа созылды.
Алғашқы партияда Жиенбаева тай-брейкте басым түссе, екінші сетте қарсыласына жол берді. Бірақ шешуші партияда Соня ойын тізгінін толық қолға алып, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Турнирдегі сенсация
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Оренседегі жарысқа себілген ойыншылар қатарына енбей қатысты. Соған қарамастан Жиенбаева бірнеше рейтингі жоғары қарсыласын жеңіп, чемпиондық атақты иемденді.

Турнир барысында Соня Жиенбаева:
- Беларусь өкілі Анна Кубареваны (WTA №505);
- марокколық Ясмин Каббаджды (WTA №272);
- британиялық Алисия Дьюдениді (WTA №230);
- Жапония намысын қорғаған Рина Сайгоны (WTA №327) жеңді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама