Елена Рыбакина Торонто турнирінің ширек финалына шықты

Бас редактор

Қазақстанның бірінші ракеткасы енді WTA 1000 санатындағы Торонто турнирінің ширек финалында жапониялық Наоми Осакамен кездеседі. 

Елена Рыбакина Торонто турнирінің ширек финалына шықты
olympic.kz

Канадада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы анықталды. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші жартылай финал жолдамасы үшін Наоми Осакамен ойнайды.

Наоми Осака 1/8 финалда канадалық Лейла Фернандеске қарсы кортқа шықты. Жапониялық теннисші қарсыласын екі сетте ұтып, ширек финалға жолдама алды. Кездесу 6:4, 6:4 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 23 минутқа созылды.

Рыбакина мен Осака жартылай финалға таласады

Енді қазақстандық теннисші мен жапониялық спортшы Торонто турнирінің жартылай финалына шығу үшін өзара мықтыны анықтайды.

Кездесу 11 тамыз күні өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 19:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, Торонто турнирінің жеңімпазы 1 085 220 доллар көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар чемпион 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.