Елена Рыбакина Соболенконы басып озды
Қазақстандық теннисші WTA чемпиондық рейтингінде қайтадан бірінші орынға көтерілді.
Көшбасшылық орынға оралу
Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде финалға дейін жеткен Рыбакина чемпиондық жарыстағы көрсеткішін жақсартып, екі сатыға көтерілді. Қазақстандық теннисшінің қоржынында 5277 ұпай бар.
Рейтингтегі екінші орынға Арина Соболенко 5065 ұпаймен орналасты. Ал үшінші сатыда ресейлік 5064 ұпаймен Мирра Андреева келеді. Осылайша Рыбакина Соболенконы небәрі 212 ұпайға басып озды.
Фото: WTA
Швентек үздіктер қатарында
Торонто турнирінде чемпион атанған польшалық Ига Швентек чемпиондық жарыста екі позицияға көтеріліп, 2954 ұпаймен оныншы орынға жайғасты.
Рыбакина үшін Торонто финалы маусымдағы маңызды нәтижелердің біріне айналды. Енді қазақстандық теннисші Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінде өнер көрсетіп жатыр.