ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Александр Шевченко әлемнің 387-ракеткасынан күтпеген жеңіліс тапты
NUR.kz

Александр Шевченко әлемнің 387-ракеткасынан күтпеген жеңіліс тапты

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Астанада Дэвис кубогының Екінші әлемдік тобы аясында таиландтық Касидит Самрейден күтпеген жерден жеңіліп қалды.

Шевченко бірінші сетте басым болды

ATP рейтингінде 93-орында тұрған Александр Шевченко алғашқы партияда қарсыласына мүмкіндік бермей, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ екінші сеттен бастап ойын барысы күрт өзгерді. Самрей матчқа қайта оралып, келесі екі партияны 6:2, 6:3 есебімен өз пайдасына шешті. 

Шевченконың жеңілісінен кейін Дэвис кубогындағы Қазақстан – Таиланд текетіресінің жалпы есебі 2:2 болды.

Енді қарсыластықтың тағдырын соңғы жекелей кездесу шешеді. Жеңіске жеткен құрама 2027 жылғы Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Бұған дейінгі матчтар қалай аяқталды?

Алғашқы ойын күнінде Александр Шевченко Максимус Джонсты жеңген. Ал Тимофей Скатов Касидит Самрейден басым түсті.

Жұптық сайыста Қазақстан атынан Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев кортқа шықты. Дегенмен олар Пручья Исаро мен Максимус Джонсқа есе жіберді. Сол себепті Шевченко мен Самрей арасындағы матч Қазақстан құрамасы үшін шешуші маңызға ие болған еді.

Жарнама
Жарнама