ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Дэвис кубогы: Қазақстан Таиландқа қарсы басымдығын арттырды

Теннистен Қазақстан құрамасы Астанада Дэвис кубогының екінші Әлемдік тобы аясында Таиландқа қарсы кездесудің алғашқы күнін 2:0 есебімен аяқтады.

Дэвис кубогы: Қазақстан Таиландқа қарсы басымдығын арттырды
instagram.com/ktf.kz/

Скатов Самрейден тағы да басым түсті

Қазақстан мен Таиланд арасындағы текетірестің екінші жекелей кездесуінде Тимофей Скатов пен Касидит Самрей кортқа шықты. Скатов ATP рейтингінде 198-орында, ал оның қарсыласы 387-сатыда тұр.

Қазақстандық теннисші алғашқы партияда 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сет тартысты өтіп, тай-брейкке дейін жалғасты. Шешуші сәтте Скатов сенімді ойнап, партияны 7:6 (7:4) есебімен өз пайдасына аяқтады.

Айта кетейік, Скатов пен Самрей 2026 жылдың қаңтарында Таиландтың Нонтхабури қаласында өткен Челленджер турнирінде де бір-біріне қарсы ойнаған. Сол кездесуде де қазақстандық теннисші екі сетте жеңіске жеткен еді – 6:4, 6:2.

Қазақстан алғашқы күннен кейін 2:0 есебімен алда

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі Александр Шевченко Максимус Джонсты жеңіп, ұлттық команданы алға шығарған еді. 

Тимофей Скатовтың жеңісінен кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы жалпы есеп 2:0 болды.

Енді Қазақстан құрамасына Дэвис кубогындағы жалпы жеңісті рәсімдеу үшін қалған үш кездесудің біреуінде жеңіске жету жеткілікті. Қазақстан мен Таиланд арасындағы бәсекенің екінші күні бір жұптық және екі жекелей матч өтеді. Кездесулердің қорытындысы бойынша жеңімпаз команда Дэвис кубогындағы келесі кезеңге жолдама үшін күресін жалғастырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?