Жарнама
Жарнама
Елена Рыбакина жарыстардан үзіліс алмақ
Instagram/@lenarybakina

Елена Рыбакина жарыстардан үзіліс алмақ

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Уханьда өтетін WTA 1000 турнирінен бас тартты. 

Турнирден бас тартты

Қытайдың Ухань қаласындағы жарыс 12–18 қазан аралығына жоспарланған. Бірақ Рыбакина бұл турнирге қатыспайды.

Қазақстандық теннисшінің мұндай шешім қабылдауына табанындағы ауырсыну себеп болуы мүмкін. Ол денсаулығына қатысты мәселені Бейжіңдегі турнирден кейін айтқан.

Рыбакина Қытай астанасындағы жарыстың екінші айналымында Алина Чараеваға есе жіберді. Кездесудің соңына қарай қазақстандық теннисшінің табанындағы ауырсыну күшейген. Матчтан кейін физикалық жайсыздықпен қатар, жиналып қалған шаршау да ойынына әсер еткенін жеткізді.

US Open жеңімпазы демалыс алады

Рыбакинаның айтуынша, US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін толыққанды ұйықтап, күш-қуатын қалпына келтіруге мүмкіндік болмаған.

Енді теннисші кемінде бір апта толық демалып, ағзасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама